Ұлыбританияда стрептококк инфекциясынан 9 бала қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда стрептококк инфекциясынан 9 бала қайтыс болды

07.12.2022

Ұлыбританияда 10 жасқа дейінгі балалар арасында СтрептоКокк-А инфекциясы белең алды.

Жұқпалы індеттен бүгінге дейін 9 бала қайтыс болып, жүздеген сәби науқастанып жатыр. Ата -аналармен қоса мамандар да індеттің таралуына алаңдаулы. Инфекцияның белгілері: тамақ ауруы, дененің қызуы және бөртуі. Ковидтен кейін имунитет әлсірегендіктен, аталған инфекция күшейген болуы мүмкін дейді дәрігерлер. Негізі, жұқпалы ауру балалар арасында кең тараған. Көбіне жеңіл өтеді. Тек сирек жағдайларда ғана өкпеге енген бактерия қанға тарап сепсис тудырады.

Софи Ньютон, дәрігер:

Аурудың алдын алу үшін гигиенаға ерекше көңіл бөлу маңызды. Сондықтан балаларға 20 секунд бойы қолды сабынмен мұқият жууды үйрету керек. Инфекция жұқтырып алған жағдайда аяғы ауыр әйелдерден, жаңа туған нәрестелерден және имунитеті әлсіз адамдардан алшақ жүріңіз.


Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу