Суық баспанасын тастап, уақытша басқа жерді паналаған тұрғындар үйлеріне қайта бастады. Ал шаһардағы апат салдарын жоюға өңірлерден көмекке келген жөндеу бригадаларына жергілікті тұрғындар ыстық тамақ әзірлеп , қолқабыс етуде. Азық-түлік, қыстық киім-кешек, электрлі жылытқыштар қала мен ауыл-аймақтардан да жеткізіліп жатыр. Сондай-ақ 200-ден астам ерікті жұмысшылар мен тұрғындарға көмек көрсетуде.
Бақытбек Қыстаубаев, ерікті:
Бұл тамақ жұмыскерлерге де, тұрғындарға да берілуде. Кеше келдік біз. Баянауылдан жігіттер келіп, бәріміз келіп. Бүгін міне стадион «Шахтер». Жылулық беріп, самаурын қойып, палау жасап, ыстық бауырсақ жасап.