Екібастұздағы үйлердің бәріне жылу берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұздағы үйлердің бәріне жылу берілді

07.12.2022

Бүгін таңғы сағат 8 де тараған ақпаратқа сай Екібастұздағы барлық үй жылуға қосылды. Соңғы жұмыстар Сәтбаев көшесіндегі 8-ші үйде жүргізілді. Көпқабатты үйдің бүкіл пәтерлерінде қатып қалған құбырлар жылытылды. Жарылып кеткен батареялар алмастырылды.

Жөндеу жұмыстарына еліміздің өзге қалаларынан келген 850-ден астам адам жұмылдырылды. Қазір станция 83 градус температурамен жылу беріп тұр. Әзірге шахарда техногендік төтенше жағдай режимі қала береді. Жедел штаб жұмысын жалғастырады.

Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі:

Жалпы 20 подьезде жұмыс жүргізіліп мәресіне жетті. Барлық материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілгенбіз. Одан басқа да жұмыс күштері жеткілікті.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу