Самат Нұртаза: Біздің қоғамда интернет мәдениеті пайда болу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Самат Нұртаза: Біздің қоғамда интернет мәдениеті пайда болу керек

06.12.2022

Қоғамда интернет мәдениетін қалыптастыру қажет. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің отырысына қатысушылар осылай деді. Этносаралық ксенофобия мен интернет кеңістігінде «өшпенділік тілінің» таралып жатқаны қауіпті. Жиналғандар осы төңіректегі ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныс айтты. Мұндай кездесулерді тоқсан сайын өткізіп тұру жоспарланып отыр.

Самат Нұртаза «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары:

Біздің қоғамда интернеттің мәдениеті пайда болу керек. Интернетте ойланып сөйлеу қажет. Сөзіне жауап беру керек. Тек фейк ақпараттарға сенбей, ресми дәлелденген ақпараттарға сену керек. Жалпы сондай қоғам қалыптастыру керек.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу