Моңғолияда шерушілер үкімет үйіне басып кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Моңғолияда шерушілер үкімет үйіне басып кірді

05.12.2022

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда халық үш күннен бері шерулетіп жатыр. «6 жарым миллион тонна көмір ұрланды» деген хабар тараған соң, наразы халық үкімет сарайына басып кірген. Олардың айтуынша, Қытайға сатылуы тиіс көмірдің жоғалуына шенеуніктердің қатысы бар. Билік болса, Қытайға бұл істі бірлесіп тергеу туралы ұсыныс жасап отыр. Және де үкімет демонстранттар екі сағатта алаңнан кетпесе, оларды күшпен тарататынын ескертті.

АҚШ дипломаттары отандастарын адам көп жиналған жерлерге бармауға шақырды. Ал, жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бүгін қайта жалғасқан митинг агрессивтік сипат алып барады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу