Ақтауда ыстық су шектеумен беріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда ыстық су шектеумен беріліп жатыр

05.12.2022

Ақтауда ыстық су шектеумен беріліп жатыр. Себебі, қаланы су және жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындағы қондырғылардың бірі істен шыққан. Осыған байланысты бүгін көптеген шағын ауданда ыстық су болған жоқ. Бірақ, кешке қарай қайта беріле бастады. Қазір коммуналды мекемеде 5 қондырғы жұмыс істеп тұр. Мамандардың айтуынша, кәсіпорын жұмысына қатты аяз да кері әсерін тигізген.

Аян Үйкекбаев, Коммуналды кәсіпорынның департамент директоры:
Дистиллят өндіретін 1 қондырғыда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Осыған байланысты кешеден бері қалаға берілетін ыстық судың көлемі азайтылды. Қазір су резервуарлары қайта толтырылуда. Бүгін шағын аудандарға ыстық су беріледі. Бірақ, жөндеу жұмыстарына байланысты, алдағы 2 тәулікте түнгі мезгілде шектеу болады.

Аягөз Оралбайқызы 

Хабарламаларға жазылу