Мексикаға миллиондаған монархиялық көбелек ұшып барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикаға миллиондаған монархиялық көбелек ұшып барды

05.12.2022

Мексикаға жылдағы дәстүр бойынша миллиондаған монархиялық көбелек ұшып келген. Олар елдің орталығы мен батысындағы ормандарға АҚШ пен Канададан жетті. Қоңыр қанатты жәндіктер миграция кезінде 3 мыңдай шақырымды артқа тастаған. Зерттеулерге сәйкес, соңғы онжылдықта олардың популяциясы 22-ден 72 пайызға дейін азайып кеткен. Ғалымдардың айтуынша, бұған климаттың жылынуы, химикаттар мен ормандағы ағаштардың аяусыз оталуы себеп болуы мүмкін. 


Хабарламаларға жазылу