Оралдық дәрігерлердің салғырттығынан нәрестенің қолы кесілді
Оралда нәрестенің бір қолы кесілді. Оның әкесі болған жағдайға дәрігерлерді кінәлайды. Салмағы 600 грам болып дүниеге келген ұл бала перинаталды орталықта болады. 20 күннен соң анасы сәбидің катетер тұрған оң қолы бозарып, жансызданып кеткенін байқайды, кейін тамырда қан ұйып қалғаны белгілі болады. 9 күннен соң Астанада операция жасалып, сәбидің оң қолы кесіледі. Облыстық медициналық бақылау департаменті сараптама жасап, дәрігерлердің кеш қимылдағанын анықтаған. Сараптама қорытындысы прокуратураға жолданды.
Бахтияр Әжғалиев, сәбидің әкесі:
Дәрігерлер кінәлі деп ойлаймын. Катетерді қойғанда инемен салады ғой, дұрыс тимей қалды ма екен? Жолдасым келгенде олар неге қолын памперстің астына тығып қойды, көрсетпей? Көрсету керек қой, айту керек қой қарайып бара жатқанда. Дәрігерді екі күн күттік. Болатын еді қолды қалдыруға.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада түз тағысы босатылды
18.09.2025, 14:30

ЖИ-ді білім саласына енгізудің ұлттық стандарты бекітілді
18.09.2025, 14:27
Су деңгейін бақылайтын цифрлық жүйе құрылады
18.09.2025, 14:24
Елордада «Astana Archive Fest – 2025» халықаралық форумы басталды
18.09.2025, 14:21
Жас дін көшбасшыларының ІІ форумы нақты шешімдер алаңына айналды
18.09.2025, 14:18
Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды
18.09.2025, 14:15
Украинаны қаруландыруға тағы $3,5 миллиард бөлінеді
18.09.2025, 14:12
Газадағы соғыс құрбаны 65 мыңнан асты
18.09.2025, 14:09