Қазақстанда мәдениет саласына баса көңіл бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда мәдениет саласына баса көңіл бөлінді

05.12.2022

Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында көптеген сала бойынша толағай табыстарға жетті. Әсіресе мәдениет пен өнерде жетістік мол. Беларусь музыка академиясының ректоры Елена Куракинаның пікірі осылай. Оның сөзінше, Қазақстан әсіресе ТМД елдерінің арасында жастардың жағдайына баса көңіл бөлгенін айрықша атап өтті.

Елена Куракина, Беларусь музыка академиясының ректоры:

Қазақстанда осы жылдар ішінде қаншалықты оң өзгерістер орын алып, даму сатысынан өткеніне ерекше таңданыспен қараймын. Ауқымды реформалар жүзеге асырылды. Балалардың музыкалық білім алуына жан-жақты жағдай жасалды. Өнер университеттері де назардан тыс қалмай, дамып жатыр.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу