Елімізде атаулы әлеуметтік көмектің мәні өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде атаулы әлеуметтік көмектің мәні өзгереді

05.12.2022

Елімізде атаулы әлеуметтік көмектің мәні өзгереді. Бұл қаржы енді отбасын немесе азаматты қиын жағдайдан шығару құралы ретінде қарастырылады. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айтты.

Дарын Сағитов, тілші:

Әлеуметтік кодекс отбасылардың әл-ауқатын көтеру мен нығайтудың базалық жағдайын қалыптастыруды көздейді. Оны жүзеге асыру үшін мемлекет, бизнес және азаматтар арасында жаңа әлеуметтік келісімшарт жасалады. Құжатты әзірлеуде халықаралық тәжірибе ескерілді, яғни, ЕуроОдақтың Әлеуметтік кодексі басшылыққа алынды. Құжат аясында көпбалалы аналар да назардан тыс қалмады.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері өседі және олар «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» наградтталған аналар деген жаңа статуспен қарастырылатын болады. Тағы бір маңызды параметр – 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейлік шегі бүгінгі күнкөріс деңгейінен емес, медиандық табыс есебінен анықталатын болады. Бұл ретте Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі зерделенді.

Президент тапсырмасына сәйкес, 18 жасқа дейінгі балаларға Ұлттық қордың инвестициялық кірісінен түскен табыстың 50 пайызы қосымша көмек ретінде беріледі. Бала күтіміне байланысты төлемдер мерзімі ұзарып, мүгедектерге қызмет көрсету талабы өзгереді. Әлеуметтік жұмыспенс ертификаты бар мамандар ғана айналыса алады. Оларды таңдау үшін арнайы тізім жасалады.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу