Ақтауда пәтердегі жарылыстан әскери қызметші зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда пәтердегі жарылыстан әскери қызметші зардап шекті

05.12.2022

Ақтауда пәтерлердің бірінде жарылыс болып, әскери қызметшінің қолын жұлып кетті. Оқиға 27-ші шағын аудандағы №46 үйде болған. Әзірге не жарылғаны белгісіз. Бірақ, дүмпудің қатты болғаны сонша, пәтердің терезесі сынған. Жарылыс салдарынан 34 жастағы тұрғын зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Ақтау гарнизоны баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Есет Шахатбаев, Маңғыстау облыстық ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі:

Науқасқа жедел медициналық көмек көрсетілді. Дереу ота жасалып, сол қолын шынтақтан төмен жерден кесуге тура келді. Қазір жағдайы орташа ауыр. Травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу