Абай облысында үш адам аязда үсік шалып қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында үш адам аязда үсік шалып қайтыс болды

03.12.2022

Абай облысындағы Жарма ауданында атасы мен әжесі 3 жасар немересімен бірге аязда үсіп қайтыс болды.

Жантүршігерлік жағдай Терістаңбалы ауылында болған. Қаладан келген немерелерін үлкендер қонаққа ерте барған. Куәгерлердің айтуынша, қатты аяз басталғанда тысқа бірінші әжесі, артынша атасы мен немересі шығып кеткен. Кейін олардың өлі денелері ауылдан 50 және 100 метр жерден табылған. Аудандық полиция бөлімі бұл фактіні растап отыр. Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу