Комиссия отырысынан кейін Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов бірден Семей қаласындағы жылу энергия орталығына барды. Бұл страегиялық нысанның сыртында ғимараттарды өз алдына жылумен қамтамасыз ететін 70-ке жуық қазандық бар. Бірақ олардың дені ескірген. Жөндеуді қажет етеді. Шаһарда 314 мың шақырым құбыр желісінің 62 пайызы тозған. Сондықтан, кез-келген уақытта ақау шығуы мүмкін. Жағдаймен танысқан Тимур Сүлейменов, алдағы жылдары облыс орталығына жылу энергия орталығы салынатынын айтты.
Тимур Сүлейменов, Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары:
Жағдай нашар емес. Бірақ та тағы да инвестиция керек. Қаражат керек. Жалпы модернизациялау қажет. Жалпы қала дамиды әрі қарай. Сондықтан біз әрине біз Астанадан, орталықтан қажетті көмек береміз.
Ержан Жақып