Елордада тілшілер құқықтық журналистика бойынша арнайы курстан өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада тілшілер құқықтық журналистика бойынша арнайы курстан өтіп жатыр

02.12.2022

Елордада тілшілер құқықтық журналистика бойынша арнайы курстан өтіп жатыр. Оқу бағдарламасы төрт бөлімнен тұрады. Онда қолданыстағы заңдар, сөз еркіндігі мен қоғамдық мүдде, жеке өмір құқығы сияқты тақырыптар қамтылған. Сонымен қатар, лекторлар журналистиканың принциптері мен медиадағы этнопсихологияның рөліне жеке тоқталады. Бірегей шараны Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті ұйымдастырған.


Хабарламаларға жазылу