Қатар-2022: Сауд Арабиясы топтық кезеңде 14 сары қағаз алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатар-2022: Сауд Арабиясы топтық кезеңде 14 сары қағаз алды

02.12.2022

Сауд Арабиясы құрамасы тағы да көзге түсті. Бұл жолы сары қағаздар санымен. Топтық кезеңде королдік ел командасы 14 ескерту алыпты. Топтық турда осынша тәртіп бұзып, сары қағаз алу - турнир тарихында тұңғыш рет болып отыр.

Бельгия құрамасы топтық кезеңнен шыға алмай қалды

Ал Бельгия құрамасы 21 ғасырда алғаш рет әлем біріншілігінің топтық кезеңінен өте алмай қалды. Түндегі ойында ұжым - Хорватия құрамасымен тең түсті. Ал өткен аптада Марокко командасынан жеңіліп қалғаннан кейін Брюссель көшелерінде жанкүйерлер наразылық шеруіне шығып, арты тәртіпсіздікке ұласқан болатын. Бельгия құрамасы 2018 жылғы турнирде қола жүлдені еншілеп, құрама тарихындағы жоғары жетістікке жеткен еді. Ал бүгін бельгиялық ұжымды жаттықтырған Роберто Мартинес қызметінен кетті.

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу