Минскіде Қазақстаннның мәдениет күндері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Минскіде Қазақстаннның мәдениет күндері өтті

02.12.2022

Минск қаласында Қазақстанның Беларусь Республикасындағы мәдениет күндері өтті. Бірнеше күнге созылған шара аясында қазақтың ұлттық өнері ұлықталды. Екі елдің мәдениет саласындағы ынтымақтастығын бекіту жолдары талқыланып, тиісті құжатқа қол қойылды.
Қазақтың домбырасы шетелдіктерді қайран қалдырды. Қазақстандық делегация алдымен ұлттық аспаптың түрлері мен ерекшеліктері туралы айтып, шеберлік сабағын өткізді. 7 домбыраны жергілікті музыка академиясына сыйға тартты. Сондай-ақ ұлттық қолданбалы өнер туындылары ұсынылған көрме көптің көңілінен шықты.

Елена Балыка, Минск қаласының тұрғыны:

Бұл- екі елді жақындастыра түседі. Ұлттық өнерде ортақ дүниелеріміз көп екен. Қазақ халқының тарихын біліп, тілін үйренгім келеді. Ұлттық әшекей бұйымдарын бүгін сатып алдым. Енді үнемі тағып жүремін.
Екі елдің мәдениет саласындағы ынтымақтастығы жоғары. Кино, кітапхана, музейлер мен архивтер арасында әріптестік жанданып келеді. Дегенмен бірлескен жобаларды көбейту керек. Ол үшін арнайы меморандум бекіді.

Дәурен Абаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

Одан басқа ЖОО арасында жақсы қарым-қатынас ұйымдастырып жатырмыз. Біздің консерватория мен Беларусь академия музыка арасында біз қазір жақсы қарым-қатынас орнатып жатырмыз. Бұл мастер-класстар. Дуальный образование дейді, оны да қарастырып жатырмыз.
Минск тұрғындары мен қонақтар отандық кино туындыларды тамашалап, жоғары баға берді. Осымен төртінші рет өткен Қазақстанның мәдениет күндері гала-концертпен аяқталды. Онда қазақстандық өнер жұлдыздары күй күмбірлетіп, әуезді ән әуелетті.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу