«Үлкен жетілік» елдері Ресей мұнайының құнын шектеу туралы шешім қабылдауға жақын. «Рейтер» агенттігі құпия дереккөздерінен осындай ақпаратқа қол жеткізген. Оған сай, желтоқсанның 5-нен бастап, ресейлік мұнайдың бір баррелінің бағасы 60 доллар болып белгіленуі мүмкін. Батыс елдері мұнай бағасын шектеу арқылы Ресей бюджетіне түсетін кірістің азаюын көздейді. Сондағы мақсат - Мәскеуді Украинадағы қарулы қақтығысты қаржыландыру мүмкіндігінен айыру.