Облыс әкімдері тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Облыс әкімдері тағайындалды

02.12.2022

Әкімдердің ауыс-түйісі жалғасып жатыр. Бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол осы аймақтың атынан Сенат депутаты болған еді. Орал қаласының әкімі қызметін де атқарған. Сондай-ақ Президент Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін де осы қызметті атқарған ол лауазымын сақтап қалды. Cонымен бірге Президент жарлығымен Жамбыл облысының әкімі де тағайындалды. Бұл қызметті осы уақытқа дейін өңірді басқарған Нұржан Нұржігітов әрі қарай атқарады.


Хабарламаларға жазылу