Татулықтың тұғыры түрлі ұлт пен ұлыстың береке-бірлігі мен салт-дәстүр сабақтастығынан тамыр тартады. Елдің барлық аймақтарынан ат арытып, бас қалаға 26 бірлестіктің шығармашылық өнер ұжымдары келді.
Шарапатты шараның ерекшелігі сол, өзге ұлттың өкілдері қазақ әуенін әуелетіп, бай дәстүрден сыр шертті. Мемлекеттік тілдің мерейін үстем етіп, қазақтың мәдениетіне құрмет көрсетті. Себебі, бұл фестивалдің мақсаты.
Алмат ӘБДІРАМАН