Мемлекет басшысы швейцариялық «Roche Holding AG» фармацевтикалық компаниясының басқарма төрағасы Кристоф Францты қабылдады. Президентке елімізде қатерлі ісікке қарсы инновациялық дәрі өндірісін ашу жобасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берілді. Тиісті келісімге бүгін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен швейцариялық компания арасында қол қойылған еді. Сонымен қатар келесі жылы компанияның қолдауымен Назарбаев Университеті Медицина мектебінің базасында жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға арналған зертханалық диагностикалық тренинг-орталығын ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ кездесуде Қазақстанда медицина ғылымын дамыту мәселесі де талқыланды.
Досжан Маратұлы