Екібастұздағы апат: Қалада бірнеше үй жылусыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұздағы апат: Қалада бірнеше үй жылусыз отыр

01.12.2022

Қазір 52-ші орталық жылу пунктінің жұмысы жанданған. Дегенмен, жылу элекр станциясында жағдай ушығып тұр. Қазір 17 үй жылудан ажыратылған. Бұл тек болжамды сан ғана, облыс әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Круктың айтуынша, жылусыз отырған үй одан да көп болуы мүмкін. Сонымен бірге, апат салдарынан 58 үйде ішетін су жоқ. Магистральдің жұмысын қалыпқа келтіру де қиындап жатыр. Себебі, станциялардағы судың мөлшері шекті деңгейден жоғары. Сондай-ақ, қалада облыс орталығынан келген 30 шақты полиция тұрғындары көшіп кеткен үйлерді, апат болған көшелерді тәулік бойы екі ауысыммен күзетіп тұр. Қалалық полиция басқармасының басшысы соңғы бес тәулікте ешқандай ұрлық фактісі тіркелмегенін мәлімдеді. Айта кетейін, Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға өтемақыны монополистер яғни команияның өзі төлейтінін айтты. Тұрғындар өз қалтасынан қаражат шығармайды. Әзірге келтірілген залалдың нақты шығыны белгісіз, комиссия есептеп жатыр.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу