Соңғы екі жылда Ақтөбе облысындағы жеті елді мекенде бір де бір қылмыс тіркелмеген. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың тұрғындармен кездесуінде айтылды. Облыста жыл басынан бері ауыр қылмыстар 27, адам өлімі 15 пайызға төмендеді. Биыл елімізде жол ережесін бұзудың 117 мың дерегі тіркелген. Сондықтан «Сергек» және «Қорғау» жүйелерін кеңінен қолдану қарастырылып жатыр.
Жақсыбек Кемал