Екібастұзда жағдай әлі де тұрақсыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзда жағдай әлі де тұрақсыз

01.12.2022

Екібастұз қаласында жағдай әлі де тұрақсыз. Магистральді желілер судың қысымын көтере алмағандықтан, апатты тоқтату қиынға соғып жатыр. Бұл туралы ағымдағы жағдай бойынша өткен брифинге айтылды. Апаттың салдарымен күресте пәтер иелері кооперативінің әрекеті станциялардың жағдайын қиындатқан. Облыс әкімі міндетін уақытша атқарушы Олег Круктың айтуынша, олар жөндеу бригадаларын күтпестен, ақауды өз күшімен жоймақ болған. Яғни іштегі судың бәрін ағызып жіберу арқылы ақауды жоюға тырысқан. Қазір арнайы жасақ құрылып үй-үйді аралап жүр.

Олег Крук, Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы:

Біз станицядағы жағдайдың нашарлап кеткенін көріп отырмыз. Қазір орталықтандырылған жылу жүйесінен 17 үй ажыратулы қалып отыр. Желі арқылы су жібергеннен кейін магистральдің жұмысы қалыпқа келуі керек болған. Стансалардағы судың мөлшері шекті деңгейге шығып кетті. Осылайша тұтынушыларға судың берілуін 950-1000 тоннаға дейін шектеуге тура келді.

Хабарламаларға жазылу