Қазақы ит тұқымын көбейтуге 1,4 млрд теңге жұмсалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақы ит тұқымын көбейтуге 1,4 млрд теңге жұмсалады

30.11.2022

Елде қазақы ит тұқымын сақтау және көбейту үшін 1 млрд 400 млн теңге жұмсалады. Мәжілісте заң жобасы жөнінде баяндама жасаған депутат Әмірхан Рахымжанов осылай деп мәлімдеді. Қазір елде қазақы тұқымға жататын иттер азайып кеткен. Бұған ғылыми зерттеудің жүргізілмеуі мен мемлекеттік қолдаудың болмауы себеп дейді, мамандар. Қазақстанда үйде ұстайтын қазақы ит тұқымдарына қатысты стандарттар бар. Бірақ осы заң күшіне енген соң жаңа стандарттар дайындалып, Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрығымен бекітілген құжат қолданыстан алынады,- дейді депутат. Сонымен бірге қазақы иттерді іріктеу және таңдаумен жаңадан құрылатын Ұлттық орталық айналысады.

Әмірхан Рахымжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бүгінгі күні толық, нақты статистика жоқ. Бір деректерде 3 мыңдай қазақы тазы бар деп айтылады. Бір мәліметте 1500 ғана бар екен. Қиын-қыстау заманда бір тазы бір ауылды не бір отбасын қыстан аман алып шыққан. Еліміз мал шаруашылығына көңіл бөледі. Осыған байланысты таза тұқымды төбеттерді шығаратын болсақ, ол тек елге пайдалы болады.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу