«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұйымдастырған «Медиа мектептің» екінші кезеңі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұйымдастырған «Медиа мектептің» екінші кезеңі басталды

29.11.2022

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұйымдастырған «Медиа мектептің» екінші кезеңі басталды. Мұнда журналистика, кино және телевизия, режиссура факультетінің 35 студенті 6 ай бойы теориялық және практикалық тұрғыда білімін жетілдіреді. Оларға корпорацияның мамандары түрлі сала бойынша дәріс өткізеді. Курс аптасына бір күн, тегін жүргізіледі. Корпорация басшылығы курс аяқталған соң түлектер арасында іріктеу жүргізіп, 10 үздік студентті жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Жалпы, жаңа кезеңге қатысуға 90-нан астам өтініш түскен. Алғашқы дәрісті басқарма төрайымы Ләззат Танысбай өткізіп, кәсіби тұрғыда шыңдалуға келген талапкерлерге сәттілік тіледі.

Ләззат Танысбай, «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымы:

Болашақта лайықты, білікті ізбасар дайындайық деген оймен арнайы сіздерді алдын ала іріктеп алып, сіздердің тәжірибелеріңізге, білімдеріңізге атсалысқымыз келеді. Екіншіден, бұл сіздер үшін керек шаруа. Себебі, қазіргі заманда жалпы менің ойымша, адам баласы үшін өзінің ең дұрыс, өзіне лайықты деген сүйіп жұмыс істейтін мамандығын таңдау ол үлкен бақыттың бірі.

Әсел Майлыбек, медиа мектеп қатысушысы:

Алдағы алты ай бойы білмеген дүниелерімізді біліп, білікті, білімді мамандардан білім алып, әрі қарай елімізге қызмет етуге жасап жатқан қадамдарымыздың бірі. Осындай мүмкіндік беріп отырған «Қазақстан» телерадиокорпорациясына үлкен алғысымызды білдіреміз.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу