Елдегі жылу электр орталықтарының негізгі жабдықтарының 66 пайызы тозған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі жылу электр орталықтарының негізгі жабдықтарының 66 пайызы тозған

29.11.2022

Елдегі жылу электр орталықтарының негізгі жабдықтарының 66 пайызы тозған. Станциялардың 76 проценті 50 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істейді. Олардың орташа жасы – 61.

Республика бойынша мұндай 37 мекеме бар. Оның оны мемлекеттік, бесеуі квазимемлекеттік, қалған жиырма екісі жеке меншік орталық. Пайдаланатын электр қуатының көлемі 6 517 (МВт) мегаватт. Жылу қуатының көлемі сағатына 20 135 (Гкал) гигакалорияны құрайды. Онда 190 бу қазандығы, 41 су жылыту қазандығы, 132 бу турбинасы және 5 газ турбинасы пайдаланылады.

Жақып Хайрушев, еңбек сіңірген энергетик:
Ол кезде Энергетика министрлігінде жұмыс істейтінмін. Мемлекеттік нысандар жеке меншікке қалай өткені есімде. Олар соттың шешімімен немесе қарызы үшін тәркіленіп кетті. Бірде-бір кәсіпорын белгіленген тәртіп бойынша сауда-саттық немесе аукцион арқылы сатылған жоқ.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу