10 ірі компанияның акциясы мемлекетке қайтарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

10 ірі компанияның акциясы мемлекетке қайтарылады

28.11.2022

Бірқатар проблемалық энергетикалық нысандар мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін. Үкімет пен Бас прокуратура осы мәселені пысықтап жатыр.

Жалпы бұл тақырып 24 қарашада экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында қаралған. Осы уақытқа дейін телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы және экология саласындағы 10 ірі компанияның акциялар пакеті мемлекет меншігіне қайтарылды. Тау-кен өнеркәсібі саласындағы 142 кірме темір жолдар мен активтері бар  28 компанияның қатысу үлесі де қайтарылу сатысында. Тағы 20 нысан бойынша пысықтау жұмыстары жүріп жатыр. Оның ішінде бірқатар жылу энергия орталықтары, мұнай-газ және темір жол секторы, логистика мен машина жасау активтері бар.


Хабарламаларға жазылу