Үш жыл бойғы ковидтік шектеулерден әбден қажыған қытайлықтар бірнеше күн бойы шеру өткізіп жатыр. Олар ұлттық әнұранды айтып, «Адамдарды бостандыққа шығарыңдар» деп ұрандатқан. Тәртіп сақшылары наразы топты күшпен таратты. Шанхайда жүздеген демонстрант полициямен қақтығысты. Ал Бейжіңде бүгін халық таң атпай жатып, тағы көшеге шықты. Олар наразылық акциясын тоқтатпауға бел буған.
Арай Төлеген