Ақтауда балаларға арналған оңалту орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

26.11.2022

Ақтауда балаларға арналған оңалту орталығы ашылды.

Енді ерекше күтімді қажет ететін жеткіншектер тиісті ем-домын өзге өңірге қатынамай ақ ала алады. Жобаға қайырымдылық шарасы аясында ірі компаниялардан 260 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған.

Жалпы Маңғыстау өңірінде 2 млрд-қа жуық қаржыға осындай 8 әлеуметтік жоба жүзеге асты. Жаңаөзенде 3 мектеп жаңа парталар мен интерактивті тақтамен жабдықталған. Сондай-ақ, ерекше балаларға арналған оңалту орталығы мен бейімдеу спорт секциясы ашылды. Екі ауданда 21 ойын алаңын салу жоспарда бар. Оған 1 млрд теңге бөлінген. Ал Ақтаудағы ана мен бала орталығына денсаулығында ақауы бар нәрестелердің өмірін сақтап қалатын аппарат берілді. Заманауи қондырғының арқасында 5 сәби аман қалған.

Жапырақ Епенова,  облыстық Ана мен бала орталығының директоры:

Аппарат жоқ кезде біздер әртүрлі гель пакеттерін және де мұз құйған қолғаптар сөмкелер солармен балаларға қолданатынбыз, ал мына аппараттың арқасында біз мониторда ол баланың қалыпты температурасын және басқа да параметрлерін көріп тұрамыз.


Хабарламаларға жазылу