Білім беру үрдісі онлайн платформаға көшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім беру үрдісі онлайн платформаға көшеді

25.11.2022

«2030 жылға дейін елдегі студенттер саны 1 миллионнан асады. Бұл білім беру саласына айтарлықтай әсер етуі ықтимал»,- дейді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Өйткені елімізде демографиялық өсім байқалады. Соңғы үш жылда Қазақстанда 1,5 млн бала туған. Ол толқынға қазір отандық білім беру саласы дайын емес. Академиялық инфрақұрылымның талапқа сай келмеуі, кампустардың жетіспеушілігі қолбайлау болуы мүмкін. Мәселенің шешімі Алматыда өткен конференцияда талқыланды.

Басқосуда білім беру үрдісін онлайн форматқа көшіру, мемлекеттік гранттарға енгізілетін өзгерістер жайлы да айтылды. Болашақта шәкіртақы 30, 50, 75 және 100 пайыздық мөлшерде беріледі. Сондай-ақ ақылы негізде оқитындарға жылдық екі пайызбен несие қарастырылмақ. Жиынға әлемнің 25 елінен келген 350 спикер, отандық педагогтар мен ғалымдар қатысты.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

Шетелдік университеттерді шақырып, Қазақстанда өздерінің толыққанды кампустарын ашуға. Бұл шетелге шықпай-ақ, сапалы білім алуға мүмкіндік тудырады. Қатар, Абу-Дабиде Еуропалық университеттердің филиалдары бар. Осы бірнеше кешенді шаралардың арқасында өсіп келе жатқан демографияғалық қысымға алдын ала дайындалып, жоғары сапалы білімге қолжетімділікті сақтап отырамыз.


Хабарламаларға жазылу