Qatar-2022: Протугалия Гананы ұтып, өз тобында көш бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Qatar-2022: Протугалия Гананы ұтып, өз тобында көш бастады

25.11.2022

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында H тобындағы Португалия мен Гана құрамалары кездесті. Бірінші таймда ойын тізгінін бірден қолға алған португалиялықтар есеп аша алмады. Алайда екінші кезеңнің 62-минутында пенальти белгіледі. Криштианудың 11 метрден тепкен добы ойынның алғашқы есебін ашты.

Ганалықтар да қарап қалмай, 73-минутта сол қапталдан суырылып шыққан Мохаммед Кудустан пас алған команда капитаны Андре Айю таразы басын теңестірді. Ал 78-минутта Португалияның тағы бір жұлдызы - Жоау Феликс командасын қайтадан алға шығарды. Ал арада екі минут өткенде, алаңға қосылған Рафаэл Леау есепті 3:1-ге жеткізді. Алайда 89-минутта Абдул Рахман Баба сол қанатта Жоау Канселуді алдап өтіп, дәл пас берді. Мұны екінші таймда ойынға қосылған Осман Букари мүлт жіберген жоқ .

Осылайша тартысты бәсеке 3:2 есебімен еуропалықтардың пайдасына шешілді.

Cәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу