Елдегі Акушерлік гинекология және перинатология ғылыми орталығының тозығы жеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі Акушерлік гинекология және перинатология ғылыми орталығының тозығы жеткен

24.11.2022

Елдегі Акушерлік гинекология және перинатология ғылыми орталығының тозығы жеткен. Мұндағы негізгі құрал жабдықтың 71 пайызы ескірген. Сенатор Ақмарал Әлназарова осылай деп Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады. Ол елде ана өлімі 2,5 есе көбейгенін еске салды. Орталықтағы 5 корпустың біреуі ғана 12 жыл бұрын жөндеуден өткен. Ал қалғанына тіпті инфрақұрылым жасалмағанын жеткізді. Депутат мұны «орталықтың ұйымдық-құқықтық нысанын 2018 жылы акционерлік қоғамға өзгертудің салдары» деп атады. Сондықтан мекеме мемлекеттік қаржыландыру, медициналық құрал-жабдық алу, қызметкерлерді оқыту мүмкіндігінен айырылған. Ол мәселенің кезек күттірмейтінін ескертіп, Үкімет резервінен қосымша ақша бөлуді ұсынды.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында, Кардиология және ішкі аурулар, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институттарында да осындай жағдай орын алып отыр. Осы медициналық ұйымдардағы жабдықтардың тозу деңгейі 30%-дан 85%-ға жетіп отыр.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу