Қостанайдың облыстық өлкетану мұражайы Құсмұрын кентіндегі түзеу мекемесінде тарихи көрме ұйымдастырды. Көрменің негізгі мазмұны Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Жеңістің 70 жылдығына арналған. Сонымен қатар осы тақырыпта диафильм көрсетілді.
Жаза басып жазалы болғандар арасында он саусағынан өнер тамған, епті, шебер жігіттер де жетерлік. Олардың қолынан шыққан бұйымдар да бүгінгі көрменің сәнін кіргізді. Ал ән мен күйге бейімдері отансүйгіштік тақырыбында ұйымдастырылған концертке қатысып, өз өнерлерін паш етті.
Дәуренбек ӘБДІБЕК