Ақтөбе облысында жемқорлықтан қайтарылған қаржы спортты дамытуға жұмсалатын болды. Бұл туралы бүгін қала басшылығы мәлімдеді. Нақтырақ айтқанда, шаһар орталығындағы саябақ аумағынан 1000 шаршы метр бөлініп, «Стрит Воркаут» алаңы салынады. Бұл мақсатқа жемқорлық қылмысы бойынша айыпталғандардан қайтарылған 47 миллион теңге жұмсалады. Бұған дейін сотқа дейінгі тергеу, тексеру жұмыстарынан кейін жемқорлық қылмыс жасаған лауазымды тұлғалардан 197 миллион теңге мемлекетке қайтарылғаны айталған еді. Ол қаржы Құмжарған аулындағы мектеп құрылысын аяқтауға жұмсалды.
Асхат Шахаров, Ақтөбе қаласының әкімі:
Жастардың көзқарасы бөлек. Соған байланысты жастармен кездескенде не жетіспейді деген кезде осындай мәлімет беруде. Соғн байланысты. Тағы да айтайын, бұл республика көлемінде теңдесі жоқ үлкен Strееt workout алаңы болады Ақтөбеде.
Алмат Мырзалиев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департамент басшысының бірінші орынбасары:
Суммалар қазір түсіп жатыр. Былай айтқанда, бір ай ішінде жобамен 35 миллиондай тағы түсті үкімет пайдасына. Біз сол сумманы одан да бөлек обьектілер қарастырып, соған бөлуге тырысамыз.
Жақсыбек Кемал