Президент сайлауы өтті. Халық 7 жылға сайланған Мемлекет басшысына өздерінің талап-тілектерін жеткізіп жатыр. Тұрғындарды жалақы, баспана сынды өзекті мәселелер толғандырады.
Зейнеткерлерге, жастарға өзгеріс болса екен. Баспана жағы оңды болсын. Арзандау болсын, қымбатшылық болмасын.
Жастарға жеңілдік болсын. Баспана ең алдымен. Оқу бітіреді, содан кейін істейтін жұмыс болса жастарға.
Жалақыны көтеру керек. Сосын экономиканы. Зейнетақымызды көтерсін. Тыныштық болсын.
Қарапайым халықпыз ғой. Сондықтан бағаларды төмендетіп дегендей... Сондай бір өзгеріс күтеміз.
Қазіргі таңда Алматы қаласында студенттер саны жылдан-жылға артып келеді. Ал, баспана мәселесі өзекті болып тұр. Жаңа сайланған Президентке жастар үлкен үміт артып отыр. Осы мәселелер шешіледі деген ойдамыз.