Атырауда жұмыссыз үйде отырған 100 көпбалалы ана өз кәсібін ашпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жұмыссыз үйде отырған 100 көпбалалы ана өз кәсібін ашпақ

24.11.2022

Атырауда жұмыссыз үйде отырған көпбалалы жүз ана өз кәсібін ашпақ. Игі іс «Әрекет» жобасының аясында жүзеге асады. Артықшылығы сол әйелдерге грант беріліп, тұрақты еңбекпен қамтылмақ. Әлеуметтік бағыттағы 4 ауқымды жобаның шарапатын ерекше балалар да көріп жатыр. Жүздеген бүлдіршін заманауи және сапалы оңалту қызметтерін алуда. Аталған бастамаларды жүзеге асыруға «Самұрық-Қазына Траст» қорынан бас-аяғы 300 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген. Айта кеткен жөн, өңірде қайырымдылық бағытында 19 жоба бар.

Серік Қадыров, қалалық Мәслихат депутаты:

Халыққа қосымша демеуге арналған қаражаттардың қайда жұмсалып жатыр, қандай көмек көрсетіліп жатқандығын ашықтықты қамтамассыз ету барысында өте маңызды бастама. Негізгі басымдық осы балаларды дамытуға, олардың денсаулығын оңалтуға арналған жобалар.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу