Эстониялық слэклайнер-спортшы Бозжырадағы шатқалдардың арасын арқанмен жүріп өтті. Ол - әлемнің үш дүркін чемпионы, ең айрықша локацияларды бағындырып, бірнеше рет рекорд жасаған Яан Роозе. Маңғыстау өңіріне арнайы келген. Түсірілім 50 градус ыстықта және қатты жел тұрған кезде жасалған. Спортшы екі жүз метр биіктікте, жарты шақырым қашықтықты жүріп өткен. «Бозжыра мен үшін үлкен сынақ болды. Ол менің өмірімдегі ең күрделі, әрі әдемі жобалардың бірі»,- дейді Яан Роозе.
Аягөз Оралбайқызы