Сирия мәселелері бойынша халықаралық кездесу басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирия мәселелері бойынша халықаралық кездесу басталды

22.11.2022

Астанада Сирия мәселелері бойынша 19-халықаралық кездесу басталды. Тараптар екі күн бойы бірқатар мәселені талқыламақ. Бірақ, отырыс жабық жағдайда өтеді. Келіссөзге Ресей, Түркия, Иран, Сирия өкілдері қатысып жатыр. Әрі БҰҰ бас хатшысының Сирия бойынша арнайы уәкілі Гейр Педерсен де келді. Күн тәртібіне бірнеше мәселе енгізіліп отыр. Сириядағы жағдай, гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық ахуал, саяси процесті кешенді ілгерілету. Сондай-ақ, сенім шараларына басымдық берілмек. Кепілге алынғандарды босату, іс-түссіз жоғалғандарды іздеу сынды проблемалар қаралып жатыр.

Александр Лаврентьев, РФ Президентінің Сирия жөніндегі арнайы өкілі:

Алдымен жағдайды тұрақтандыру мәселелерін қараймыз. Аймақтағы қауіпсіздік мәселесі өршіп тұр. Террорлық ұйымдардың белсенділігі жиіледі. Сондықтан, осы әрекеттерге біздің әрекеттеріміз жайлы келіссөздер жүргіземіз. Шабуылды тоқтатуды талап етеміз.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу