Ұлы бабаларды насихаттау үшін БАҚ-тың атқаратын міндеті зор - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлы бабаларды насихаттау үшін БАҚ-тың атқаратын міндеті зор

16.02.2015
Ұлы бабаларды насихаттау үшін БАҚ-тың атқаратын міндеті зор

Елбасының Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан сөзін маңғыстаулықтар да қуаттауда.

Әсіресе, ұлы бабаларды насихаттау үшін БАҚ-тың атқаратын міндеті зор екені көпшіліктің көңіліне қонды.

362 әулиелі мекен атанған Маңғыстауда ұлы бабалардың үлкен көші жатыр.

Соны жас ұрпаққа таныту бағытында келелі істер атқарылатынына көпшілік сенімді.

Алқажан Еділхан, облыстық мұрағаттар басқармасының басшысы:

Елбасының бабалар тарихына мән берілу керек деген сөзі маңғыстаулықтарға жақын әрі жылы көрінеді.

Оның бізге қазіргі ұрпақты бабалар үлгісімен тәрбиелеу керек, әйтпесе, қазақ бола алмай, мәңгілік ел құра алмаймыз, деп ескерткені біздің жүрегіміздегі, уайымдап жүрген мәселе еді. Ол оны дөп басты   

 

Жазира ӘБІЛ

 

 

 

Хабарламаларға жазылу