ТМД елдері байқаушылар миссиясы Президент сайлауына баға берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД елдері байқаушылар миссиясы Президент сайлауына баға берді

21.11.2022

ТМД елдері байқаушылар миссиясының өкілдері елдің барлық өңіріне барып, сайлау барысын қадағалады. Тек Астананың өзінде мыңнан аса учаскеде болған. Бүгін Орталық сайлау комиссиясында ТМД елдері Атқарушы комитеті бақылаушыларының брифингі өтті. Онда меймандар саяси шара жоғары деңгейде өтті деп мәлімдеді. Президенттің кезектен тыс сайлауын бақылауға ТМД елдерінен жалпы 174 байқаушы келген болатын. Олар сайлау алдындағы дайындықтан бастап, өткізу процесіне дейін аралықты бірнеше күннен бері бақылады.

Сергей Лебедев, ТМД елдері байқаушылар миссиясының жетекшісі:

Сайлаушылар өз учаскелерін шатастырып жатты. Бірақ, оның өзінен ешқандай заң бұзу немесе әбестік көріп отырған жоқпыз. Сайлау комиссияларының мүшелері учаскелерін таппай жүрген сайлаушыларға жедел көмектесіп жатты. Сонымен қатар, сайлау процессіне кедергі келтіретін өрескел заң бұзушылық байқаған жоқпыз.

Зайниддин Низамходжаев, халықаралық байқаушы (Өзбекстан):

Біздің құрамдағы 18 адам Шымкент, Астана қалалары мен Ақмола облысындағы жағдайды қадағалады. Биыл Қазақстандағы сайлау процесі сәл өзгергенін білеміз. Айталық, «барлығына қарсымын» деген жаңа баған қосылды. Мұндай тәсіл бізде Өзбекстанда жоқ. Сондықтан, әріптестерімізбен осы мәселе төңірегінде пікір алмастық. Ал жалпы, сіздердің елдегі сайлауда ашықтық ерекше ұнады.

Нуржан Шайлдабекова, халықаралық байқаушы (Қырғызстан):

Біз заңбұзушылықтарды байқаған жоқпыз. Барлық шарттар сақталды. Сайлау комиссиялары жүйесі жоғары ұйымдастырушылық деңгейде жұмыс істеді. Инклюзивті мүмкіндіктерге де аса жоғары деңгейде көңіл бөлініпті. Дауыстарды санау барысы ашық өтті. Өйткені олар барлық жерге қатысты.


Хабарламаларға жазылу