Президенттік және мемлекеттік стипендия иегерлері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттік және мемлекеттік стипендия иегерлері анықталды

13.02.2015
Президенттік және мемлекеттік стипендия иегерлері анықталды

Еліміздің төл мәдениетін дамытуға сүбелі үлес қосқан өнер қайраткерлеріне, сондай-ақ, аса дарынды шығармашыл жастардың жемісті жетістіктері үшін президенттік және мемлекеттік стипендиялар табысталды.

Марапат жыл сайын ең талантты азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында тағайындалып отыр. Стипендияны табыстаған Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова қазақ өнерін өркендетіп, биікке көтерген қайраткерлерге алғысын білдірді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша әдебиет және өнер саласының 100 қайраткеріне стипендия тағайындалған. Салтанатты шарада Мемлекеттік хатшы  мәдениет майталмандарын Қазақстан халық Ассамблеясы жылын өткізуге, Қазақ хандығының 550 жылдығына және Жеңістің 70 жылдығына белсене атсалысуға шақырды.

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу