Америкада дауыс беру процесі әлі жүріп жатыр. Нақты айтқанда АҚШ тың екі қаласында отандастарымыз өз таңдауларын жасап үлгерсе, Сан Францискода бір сағаттан соң аяқталады деп хабарлайды осы елдегі меншікті тілшіміз Жалғас Сәдібекұлы.
Америк құрама штаттарындағы үш сайлау учаскесінің бірі Нью-Йорк қаласында ашылып, таңғы жетіден кешкі сегізге дейін жұмыс істеді. Бұл жерлестеріміз көп шоғырланған шаһар саналады. Дауыс беруге тіпті қазақы шапан киіп келген жастар да болды. Бірнеше сағаттық жолды еңсеріп жеткендер де бар.
Ал, Сан-Франциско қаласында жалпы Қазақстанның сайлау тарихында алғаш рет дауыс беру учаскесі ашылды. Бұл Калифорния мен оған жақын штаттарда тұрып жатқан қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық болды. Алыс қалаларға сапарлатпай ақ, өз таңдауларын жасауға мүмкіндік алды. Қалада негізінен студенттер мен белді Айти компанияларда қызмет істейтін отандастарымыз басым.
Жалпы, үш қалада да тәуелсіз байқаушылар жұмыс істеді. Соның бірі Амина Мырзабек бүгінгі шараға Болашақ қоғамдық бірлестігінің атынан қатысқан.
Сонымен Нью-Иорк пен Вашингтонда сайлау учаскелері екі сағат бұрын жабылды. Бюлетендер саналып жатыр. Ал, Сан Францискода дауыс беру процесі бір сағаттан соң тоқтайды. Яғни, әлемде ең соңғы болып осы қаладағы сайлау участкесі жабылады. ЖС АҚШ вашингтон.