Байқаушылар пікірі: сайлау әділ әрі ашық өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байқаушылар пікірі: сайлау әділ әрі ашық өтті

21.11.2022

Түркі мемлекеттерінің парламенттік ассамблеясының байқаушылар тобының мүшелері елордадағы дауыс беру учаскелерінің сайлауға дайын болғанын айтты. Олар саяси науқан әділ әрі ашық өтіп жатқанын айтты. Әрі бұндай жариялы шара Қазақстанда жүзеге асып жатқан реформалардың нәтижелі болатынын көрсетеді дейді.

Вугар Искандаров, түркі мемлекеттерінің парламенттік ассамблеясы байқаушылар тобының мүшесі :
Біз 10-нан аса сайлау учаскесінде болдық. Еш кемшіліктерді байқаған жоқпыз. Барлығы жоғары деңгейде өтті. Сайлаушалар тізімдерін құрудан бастап, дауыс санау процестеріне дейінгі шаралар еш кедергісіз, жүйелі түрде өтіп жатты.

Хабарламаларға жазылу