Астанада қазақ қоғам қайраткері, қарымды қаламгер, публицист Темірбек Жүргеновке арналған жаңа кинокартинаның тұсауы кесілді. Жазушының жүріп өткен жолы мен оның саналы ғұмырынан сыр шертетін туындының авторы - Қалила Омаров.
Кинокартина сонау ашаршылық жылдарын қамтиды. Режиссер еңбегінде халық үшін қиын-қыстау кезеңде әділетсіздікпен күрескен мемлекет қайраткерінің өр рухы мен өркениетке бастаған қадамдарын, қазақ мәдениетін қалыптастырудағы рөлін көрерменге барынша шынайы жеткізуге тырысқан.
Туындыны тамашалауға астаналық жастармен бірге, өнер қайраткерлері мен Темірбек Қараұлының жақындары жиылды.
Айдана ҮСЕНБАЙ