Америкада дауыс беру жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Америкада дауыс беру жалғасып жатыр

21.11.2022

Америкада дауыс беру жалғасып жатыр. АҚШ -тағы тілшіміз алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Қазір Жалғас Сәдібекұлы бізбен тікелей байланысқа шықты. 

Америкада дауыс беру процесі қызған шақ. Қазір түскі екі. Себебі екі ел арасында кемінде 11 сағаттық уақыт айырмашылығы бар. Жалпы, үш қалада: Вашингтон, Нью-Иорк және Сан-Франсискода сайлау учаскелері жұмыс істеп тұр. Қазақстан елшілігінде орналасқан сайлау учаскесіне отандастарымыз ертемен келіп жатыр.

Маңызды күнде жас та жасамыс та шет қалмады.

Ата-анасымен таңмен таласа келген үш жасар Амира анасына таңдау жасауға көмектессе, 87 алқымдаған Тәпен Аухадиев те қара суықққа қарамастан аранайы келіп азаматтық борышын өтеді.

Жалпы, ұзын саны 400-дей қазақтандық: елшілік қызметкерлері, студенттер және консулдық тіркеуде тұрған азаматтар өз таңдауын жасауға ниет білдірген. Айта кетейік, уақыт айырмашылығына байланысты әлем бойынша ең соңғы болып Америкадағы учаскелер жабылады. Нақты айтқанда Санфрансиско қаласында Астана уақыты бойынша ертеңгі таңғы онда дауыс беру тоқтайды.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу