Халықаралық байқаушы сайлаудың ұйымдастырылуын жоғары бағалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық байқаушы сайлаудың ұйымдастырылуын жоғары бағалады

20.11.2022

Франция сенаторы, Еуропалық істер жөніндегі тұрақты комитет төрағасының орынбасары Андре Марсель Рейшар Қазақстандағы Президент сайлауының әділ өткенін және ұйымдастыру жұмыстарының жүйелі түрде жүргізілгенін атап өтті. Шетелдік өкіл «Қазақстан халқы дауыс беру арқылы елдің болашағы туралы нақты шешімін қабылдауда» деді. Сондай-ақ Андре Рейшар елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше жағдай жасалғанын және бұл әлемнің дамыған елдері үшін де үлгі боларлық әрекет екенін баса айтты.

Андре Марсель Рейшар, халықаралық байқаушы /Франция/
Мен барып бақылаған сайлау учаскелерінде бәрі жақсы өтті. Ешқандай заң бұзушылық болған жоқ. Қазақстан кезекті саяси науқанды жоғары деңгейде өткізді деп нық сеніммен айта аламын. Мемлекеттің қарыштап дами беруіне тілектеспін.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу