Қызылорда облысында сайлау учаскелерінің жұмысы тоқтағанына бір сағаттай уақыт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында сайлау учаскелерінің жұмысы тоқтағанына бір сағаттай уақыт болды

20.11.2022

Қызылорда облысында сайлау учаскелерінің жұмысы тоқтағанына бір сағаттай уақыт болды. Жалпы аймақта 400 мыңға жуық адам дауыс берген. 

Әділбек Серікұлы, тілші:
Астана уақытымен 21:00-де облыста дауыс беру аяқталды. Қазір аймақтағы 347 сайлау учаскесінде бюллетень салынған жәшіктер ашылып, дауыстарды санау процесі қызу жүріп жатыр. Жалпы сайлау барысын өңірде 2800-ге жуық тәуелсіз және сенімді өкілдерден құралған байқаушылар мен 12 халықаралық байқаушы бақылау жүргізді. Ал саяси науқанның қорытындысы әзір нақты айтылған жоқ. Дегенмен, Сыр халқы ел ертеңі айқындалатын сындарлы сәтте жауапкершілік танытып, сайлауға белсене атсалысты. Аймақ дауыс беру көрсеткіші жағынан республикада үздік үштікке енді. Осыдан бір сағат бұрынғы мәлімет бойынша облыста тіркелген 482 мың сайлаушының 80 пайыздан астамы өз таңдауын жасаған. Облыстық сайлау комиссиясы сайлау учаскелерінде ешқандай заңға қайшы әрекеттер тіркелмегенін айтады.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу