Сайлау туралы заңға сәйкес, әлеуметтік зерттеулер нәтижесін сайлауға бес күн қалғанда және сайлау күні жариялауға тыйым салынған. Оның ішіне «Exit poll» да кіреді. Ол демократиялық қоғамда ресми мәліметке балама дерек көзі ретінде қолданылады. Яғни «Exit poll» қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы санаған дауыс санымен салыстыру арқылы саяси науқанның қаншалықты әділ әрі ашық өткенін бағалауға болады. Сарапшылардың айтуынша бұл нәтижені есептеудің бірнеше әдісі бар.
Салтанат Ермаханова, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бөлім меңгерушісі:
Әлемдік тәжірибеге сүйенетін болсақ, «Exit poll» әртүрлі жолмен алынады. Оның екі негізгі көзі, сайлау учаскесінен шығып келе жатқан дауыс берген адамдар өздері толтыратын сауалнама арқылы жауап береді.
Жанар Боқанова, Электоралды оқыту орталығының басшысы:
Рұқсат сұрауы керек. Дайынсыз ба? Жауап бере аласыз ба? деген сияқты. Азамат келіссе онда барып оған сұрақ қоюы мүмкін. Сіз мысалы кімге дауыс бердіңіз деген сияқты. Дауыс бергеннің нәтижелері шығарылады ғой. Қорытынды. Орталық сайлау комиссияларының және осы «Exit poll»-дың айырмашылығы, арасы тым үлкен болмауы керек.
Серік Селеубай