Алматыдағы № 17 орта мектеп-интернатында Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» әдеби кеші өтті.
Мектеп оқушылары ақын жырларын жатқа оқыды.
Кеште Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, ақын Жүрсін Ерман мен «Мұқағали» журналының бас редакторы Батық Мәжитұлы оқушыларға өлеңнің құдіреті, поэзияның тылсым сыры туралы әңгімеледі.
Жеті жыл бойы дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан шара келер жылы да жалғасын таппақ.
Амангелді СЕЙІТХАН