Бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымының байқаушылары да елордадағы бірнеше сайлау учаскелерін аралап шықты. Олар барлық дауыс беру бекеттерінің саяси науқанға дайын, сайлаушылардың тізімдері тиянақты жүргізілгенін айтты. Шетелдік ұйым өкілдері сайлау учаскелері ашылған сәттен дауыс санауға дейінгі үдерістердің барлығының басы-қасында болды.
Александр Высокинский, Шанхай ынтымақтастық ұйымының байқаушылар тобының мүшесі:
Жұмысымыз таң сәріден бастап, күндіз және кешкі уақыттарда жүргізілді. Енді біз өз тарапымыздан сайлаудың өткеніне қатысты қорытынды шығарамыз. Басты назар дауыс санау процесіне аударылады. Сайлау учаскелерінің жұмысын байқаудан бөлек біз Қазақстандағы сайлау ұйымдастыруға қатысты көп керекті мағлұмат алдық.
Ламбриан